Баласы донор болып, әкесін аман алып қалды. Ота Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада өткен. Баласы әкесіне өз бүйрегін беріп, өмірін сақтап қалды. Баланың әкесі 2024 жылдан бері созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. 2025 жылдан бастап гемодиализге тәуелді болған. Нәтижесінде, донор мен реципиенттің медициналық көрсеткіштері сәйкес келіп, трансплантация отасы сәтті өтті. Қазір науқастардың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.
Баласы донор болып, әкесін аман алып қалды
Фото: Life09