Атырауда байланып тұрған итті күрекпен ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Life09

Атырауда байланып тұрған итті күрекпен ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 31 наурызда полицияға үй жануарына қатыгездік көрсету фактісі туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары келген кезде 39 жастағы әйел қарсылық көрсетіп, заңды талаптарды орындамаған. Полицияның заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жануарға қажетті ветеринариялық көмек көрсетілді. 

Дереккөз: @sputnik_aitady