Өскеменде ұрланған көлікпен болған жол апаты екі адамның өмірін қиды

Фото: Gemini ИИ

Шығыс Қазақстан облысы полициясының мәліметіне сәйкес, 10 сәуір күні 35 жастағы ер адам Honda Inspire көлігін заңсыз айдап әкеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @baq_kz-ке сілтеме жасап. Ол Малдыбаев көшесімен Аблакетка ықшамауданынан қала бағытына қарай қозғалып келе жатқан.

Жолда жүргізуші қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында қаза тапты. Ал, Mercedes көлігінде отырған жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.