Абай облысында ер адам жасөспірімдерге бейәдеп ұсыныс айтқан. Оқиға Семей қаласында болған. Желідегі ақпарат бойынша, мас күйде болған ер адам жасөспірімдерге тиісіп, артынан бейәдеп ұсыныс айтқан. Полиция видеоға назар аударып, ер адамның кім екенін анықтады. «Оқиғаға қатысты полицияға ешқандай арыз түспеді. Алайда видео авторы, Семей қаласының 17 жастағы тұрғыны және оның құрбысы мас ер адамның әдепсіз мінез-құлқын растады», - дейді департаменттегілер.
Дереккөз: @sputnik_aitady