Қазақстаннан шетелге жұмыс іздеп кеткен Ернұр Алмаханға қатысты ауыр айып тағылып, ол Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews- ке сілтеме жасап. Алайда, оның жақындары нақты қандай қылмыс бойынша сотталғанын әлі күнге дейін білмей отыр.
Жігіт соңғы қоңырауларының бірінде өзіне жала жабылғанын айтып үлгерген. Ал, Сыртқы істер министрлігі оның ауыр қылмыстар бойынша айыпталғанын растағанымен, нақты баптарды жарияламады.
Анасы Нұргүл Алмаханованың айтуынша, Ернұр 2024 жылы шетелге кеткен. Қандай жұмыс істейтінін сұрағанда, «барғанда бастығым тауып береді» деп жауап берген. Соңғы рет 2024 жылдың 31 желтоқсанында хабарласып, содан кейін байланыс үзілген.
Ұлының тағдырына алаңдаған анасы оның жазықсыз сотталғанынан қауіптеніп, ел Президентінен көмек сұрады.
«Егер кінәсі дәлелденсе, жазасын Қазақстанда өтесін», – дейді ол.
22 жастағы қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды
Фото: Life09