Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Полиция мәліметінше, 3 мамыр күні «Kia Seltos» жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан бүлдіршінді қағып кеткен.
Қылмыстық іс қозғалды.
Полиция жүргізушілерге аулалар мен оған іргелес орналасқан аумақтарда қозғалыс кезінде аса мұқият болуды ескертеді.