Астанадағы көпқабатты үйдің ауласында сәбиді көлік басып кетті

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Полиция мәліметінше, 3 мамыр күні «Kia Seltos» жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан бүлдіршінді қағып кеткен.

Қылмыстық іс қозғалды.

Полиция жүргізушілерге аулалар мен оған іргелес орналасқан аумақтарда қозғалыс кезінде аса мұқият болуды ескертеді.