Альпинист Ғалымжан Құспанов Гималайдағы Айленд-Пик шыңына Қазақстанның жаңа Конституциясы мен Мемлекеттік туын алып шықты.
«Таудың ұшар басындағы екпінді жел аяқта әрең тұрғызады. Ұйытқи соққан боран бет қаратпайды. Алда мұз басқан, кейін жартасқа ұласқан шамамен 100 метр жол бар. Мұндай сәтте не алға қарай жүресің, не кері қайтасың. Мен батыр бабаларымыздың жолын таңдап, бір қадам да шегінбедім», - деп еске алды ол.
Дереккөз: t.me/qazaqstantv