Қазақстандық фермерлер енді малын қысқа мерзімге де сақтандыра алады

Фото: Gemini ИИ

Елімізде мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер үшін жаңа сақтандыру мүмкіндігі іске қосылмақ. Енді төрт түлікті тек бір жылға емес, 3, 6 немесе 9 ай мерзіміне де сақтандыруға болады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Жаңа жүйені Аграрлық несие корпорациясы енгізіп отыр. Мамандардың сөзінше, бұл әсіресе бордақылау алаңдары мен маусымдық шаруашылықтарға тиімді болмақ.

Бағдарлама арқылы сақтандыру полисін жыл бойы кез келген уақытта рәсімдеуге болады. Жоба ірі қара, ұсақ мал, жылқы, шошқа және құс шаруашылығын қамтиды.

💸Сақтандырудың негізгі бөлігін мемлекет өтейді: полис құнының 80 пайызын субсидия ретінде жабады. Ал, шаруалар тек 20 пайызын ғана төлейді.