Мәжіліске Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебі ұсынылды. Жиында ел бюджетіне қатысты бірнеше өзекті мәселелер мен кемшіліктер аталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.
Өткен жылы 649 миллиард теңге бюджет қаражаты мақсатсыз немесе тиімсіз жұмсалған.
Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның мәлімдеуінше, бюджетте 335 миллиард теңге көлемінде тапшылық қалыптасқан. Ел бюджеті әлі де Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге тәуелді болып отыр.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 278 миллиард теңге игерілмей қалған. Оның ішінде 243 миллиард теңгесі қаржыландырудың уақытылы немесе жеткілікті деңгейде болмауына байланысты жүзеге аспаған.
Өткен жылы республикалық бюджетке 8 рет өзгеріс пен түзету енгізілген.
Депутаттар алдағы уақытта бюджеттің неліктен мұндай жиі өзгерістерге ұшырағанының себептерін жан-жақты талқылауды жоспарлап отыр.
Қазақстанда былтыр 649 миллиард теңге бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалған
Фото: Gemini ИИ