Қарағандылық кәсіпкерлер вице-министрге өз ұсыныстарын жеткізді

Фото: ЖИ Gemini

Қарағанды облысында Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев өңірдің бизнес қауымдастығымен кездесті. Облыс әкімдігінде өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов та қатысты.

Кездесуде қандай мәселелер көтерілді?

Салық жүйесі: Жаңа Салық кодексінің нормалары, есептілікті жеңілдету және салықтық бақылауды қайта қарау. (Айтпақшы, 2026 жылдың басынан бастап өңірде жеңілдетілген декларация мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілген).

Мемлекеттік сатып алу: Саладан делдалдарды ығыстырып, нақты отандық өндірушілерді қолдауды күшейту.

Басқа да маңызды тақырыптар: Халықаралық тасымал, құрылыс саласы, АӨК-ті субсидиялау, қызметкерлерді міндетті сақтандыру және әлеуметтік азық-түлік бағасын реттеу.

«Біз үшін бизнестің нақты сұранысын есту өте маңызды. Бірқатар мәселе заңнамалық деңгейде түзетуді талап етеді», — деп атап өтті Ерлан Сағынаев.

Жиын қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар бейінді мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп пысықталатын болды.

Дереккөз: Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі