Астанада төрт жасар бала терезеден құлап, көз жұмды

Фото: Gemini ИИ

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын алды. Сарайшық көшесі, 7/1 мекенжайында төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, бүлдіршін ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.