Балқаш әуежайы қайта жаңғыртудан кейін жұмысын бастады

Фото: Gemini ИИ

1 маусымнан бастап жаңартылған Балқаш әуежайы алғашқы жолаушыларын қабылдады. Әуежайға Астана мен Алматы қалаларынан келген рейстер қонды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Екі жарым жылға созылған жөндеу жұмыстары барысында әуеайлақ инфрақұрылымы толық жаңартылып, рульдеу жолы мен перрон қайта жөнделді. Сондай-ақ, арнайы автокөлік қызметіне арналған жаңа ғимарат бой көтерді.

Қазір Балқашқа:
• Астанадан – күн сайын Qazaq Air рейстері;
• Алматыдан – аптасына 6 рет SCAT рейстері қатынайды.

Мемлекеттік субсидиялардың арқасында әуе билеттері тұрғындар үшін қолжетімді бағада ұсынылуда.