Алдағы демалыс күндері Қарағандының Орталық саябағы мен Майқұдық саябағында концерттер мен спорттық іс-шаралар өтеді.
13 маусым, сенбі
Белсенді өмір салтын ұнататын тұрғындар Орталық саябақта ашық аспан астында өтетін йога жаттығуына қатыса алады.
Сағат 18:30-да басты сахнада жастарға арналған NICE дискотекасы басталады. Қарағандылықтарды танымал хиттер мен сапалы дыбыс күтіп тұр. Ұйымдастырушылар барша ниет білдірушілерді музыканың ырғағымен би билеп, ашық аспан астында көңілді кеш өткізуге шақырады.
14 маусым, жексенбі
Сағат 08:00-де Орталық саябақта дәстүрлі түрде таза ауадағы йога жаттығуы өтеді.
Сағат 10:00-де барлық ниет білдірушілер үшін серпінді зумба жаттығуы ұйымдастырылады.
Сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін саябақтың басты сахнасында Дүниежүзілік донор күніне арналған мерекелік шара өтеді. Онда құрметті донорлар марапатталады. Сонымен қатар қонақтарға музыкалық бағдарламалар, сыйлықтар ойнатылатын викториналар және тақырыптық фотосессия ұсынылады.
Осы күні сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін Майқұдық саябағында «Әуезді кеш» концерттік бағдарламасы өтеді. Кештің арнайы қонағы ретінде «ӘУЕН» ансамблі өнер көрсетеді.
Концерттен кейін, сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін барлық қалаушылар ашық аспан астындағы дискотекаға қатыса алады.