Қарағандылық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Нидерландта өткен беделді FBK Games 2026 турнирінде қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі gov.kz-ке сілтеме жасап.
Биіктікке секіру сайысында ол 1,88 метр нәтижені көрсетіп, әлемнің үздік спортшыларымен бірге жүлдегерлер қатарына енді.
Алтын жүлде – Украина спортшысы Ярослава Магучихке (1,94 м), күміс – Куба өкілі Дакси Аделина Брисонға (1,91 м) бұйырды.
Қарағандылық спортшы халықаралық жарыстың қола жүлдегері атанды
Фото: Life09