Жалған ақпарат Манипуляция Баяндаудың бұрмалануы Қабылдау қателері

Фото: Life09

ТҮЙІНДЕМЕ
2026 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстандағы ақпараттық кеңістікте жалған ақпараттық белсенділіктің жоғары деңгейі сақталды. Орталық тарапынан жалған және бұрмаланған
ақпарат таратқан 28 жағдай тіркелді.

КЕЗЕҢ ІШІНДЕГІ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАР:
Жалған ақпарат ағымының басым бағыттары: әлеуметтік төлемдер/жеңілдіктер, әскери тақырып, денсаулық сақтау және қаржы салалары.

ЖИ көмегімен дайындалған контент пен дипфейктерді пайдалану жағдайлары аздап төмендегені байқалады. Есепті кезеңде 3 жағдай тіркелді (2026 ж. І тоқсанында 4 жағдай тіркелген болатын).

ҚР ЕХӘҚМ, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ДСМ ақпараттық шабуылдар саны бойынша көш бастап тұр. Аталған ведомстволар екі тоқсан қатарынан теріске шығаруды талап ететін фейктер саны бойынша алдыңғы шепте келеді.

1. АЙЛАР БОЙЫНША ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ
Өзекті тақырыптар:

көші-қон, қаржы, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, санитарлық - эпидемиологиялық жағдай.

Негізгі ведомстволар:
ҚР ЕХӘҚМ, Ұлттық банк, ҚР ДСМ, Маңғыстау облысының ПД, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өзекті тақырыптар:
қаржы, әскер, денсаулық сақтау, құқықтық тәртіп, жануарларды қорғау.

Негізгі ведомстволар:
ҚР Қаржы министрлігінің МКК, Бас прокуратура ҚР ІІМ, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ДСМ.

Өзекті тақырыптар|:
көші-қон, қауіпсіздік, әскер, әлеуметтік қамсыздандыру.
Негізгі ведомстволар:
ҚР СІМ, ҚР Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Құқық қорғау органдары, ЖАО

2. ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тіркелген жағдайларды талдау нәтижесінде 2026 жылдың ІІ тоқсанына тән тұрақты тақырыптық кластерлерді анықтауға мүмкіндік туды.

Заңдар мен құқықтық тәртіпті сақтау және олармен байланысты бұрмалаулар: лаңкестік әрекеттер қаупі, құқық қорғау органдары туралы жалған ақпарат тағы да жетекші бағыт болып қала береді.

Қаржы саласы І тоқсанмен салыстырғанда екінші орынға шықты; бұл бағыттағы фейктер несиелендіруге, салықтарға, қаржылық деректердің жылыстауына және ақшалай қаражатты қайтаруға қатысты болды.

Әлеуметтік саясат тақырыбына байланысты жалған ақпараттың үлесі
14,3%-ға жетті. Оның ішінде сақтандыру, ықтиярхат алу, отбасы саясаты және
әлеуметтік төлемдер мәселелері бар.

Қарулы Күштер мен әскери қызметке қатысты фейктер саны бойынша төртінші орында. Олар әскерге шақыру, әскери тәртіптің жай-күйі және полигондардағы қауіпсіздік мәселелерін қамтиды.

Денсаулық сақтау (вирустар, дәрі-дәрмектің қымбаттауы, вакцинация туралы мифтер) және экологиялық қауіпсіздік (табиғи апаттар, жануарлар дүниесі) тақырыптарының үлесі де 10,7%-ды құрады.

1-сурет - Жалған ақпарат жағдайларының тақырыптық бағыттар
бойынша бөлінісі,
2026 ж. ІІ тоқсан, %

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП    17,9

ҚАРЖЫ САЛАСЫ  17,9

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ  14,3

ҚАРУЛЫ КҮШТЕР  10,7

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ10,7

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ  10,7

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ  7,1

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР  7,7

ТҰТЫНУШЫ ҚОРҚЫНЫШЫ  3,6

2026 жылдың ІІ тоқсанында жалған ақпараттың тақырыптық басымдықтары айлар бойынша айтарлықтай өзгеріп отырды.

Сәуір айында әлеуметтік саясат туралы бұрмалаушылықтар басым болды (42,9%). Заң мен тәртіп, қаржы саласы, денсаулық сақтау және тұтынушылық үрей тақырыптарының әрқайсысы 14,3%-дан үлесті иеленді.

Мамыр айында жалған мәліметтер көбіне қаржы саласына, денсаулық сақтау мен экологиялық қауіпсіздікке бағытталды (әрқайсысы 22,2%-дан).

Мамыр айында жалған мәліметтер көбіне қаржы саласына, денсаулық сақтау мен экологиялық қауіпсіздікке бағытталды (әрқайсысы 22,2%-дан).