Қарағанды облысында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылданады

Фото: Life09

Қарағанды облысында 8 шілдеде Қазақстандық тұрғын үй компаниясының желісі бойынша "сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Энергетика және ТКШ басқармасы хабарлағандай, 250 жалға берілетін пәтер Саран қаласында, Химик шағын ауданында орналасқан.

"Бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қарағанды облысы бойынша "тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған қандастар, есепке қою елді-мекеніне қарамастан, оның ішінде әкімдіктер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері қатыса алады", - деп түсіндірді басқармада.

Өтінімдер 17 шілдеге дейін (қоса алғанда, 17:00-ге дейін) мына мекенжайлар бойынша қабылданады: Қарағанды, Поспелов көшесі, 16; Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 65.

Бағдарламаның шарттары бойынша бастапқы жарна талап етілмейді. Жалдау құны пәтерлер саны мен ауданына байланысты айына 60 мыңнан 147 мың теңгеге дейін. Жалдау мерзімі-20 жылға дейін, сондай-ақ барлық соманы мерзімінен бұрын төлеу арқылы үйді ертерек сатып алуға болады.

Сонымен қатар өтініш беруші сауалнаманы толтыруы керек.

Бағдарламаға қатысуға өтінімде мынадай ақпаратты көрсету қажет: аты-жөні, ЖСН, туған күні, байланыс телефоны, жеке куәлік деректері, электрондық пошта және бөлмелер саны.

Сұрақтармен мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +7-775-363-33-30; (8-7172) 79-75-75 (ішкі: 3217, 3277, 3213, 3204).

Жедел желі: 8-800-080-44-48.

Толығырақ Қазақстандық тұрғын үй компаниясының сайтында: https://khc.kz/.