Қарағанды облысында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Арнайы жұмыс орындары» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда.
Бағдарлама қатысушыларға тұрақты жұмысқа орналасуға, кәсіби тәжірибе жинақтауға және жұмыс орнына бейімделуге мүмкіндік береді. Бағдарламаға есту, көру немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған, мансап орталықтарында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар қатыса алады.
Бағдарламаға қатысу мерзімі – 36 айға дейін.
Толық ақпаратты Қарағанды облысындағы мансап орталықтарынан алуға болады.
Байланыс телефондары: WhatsApp – 8-775-644-35-80, call-орталық – 60-50-50.