Балқашта жүргізуші шомылып жатқан адамдардың арасына көлікпен келген

Фото видеодан скрин

Балқаш қаласында жүргізуші жағалау бойымен жоғары жылдамдықпен көлік жүргізіп, шомылып жүрген адамдарға қауіп төндірген. Оқиға кезінде суда ересектермен бірге балалар да болған. деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, демалушылар жүргізушіден бірнеше рет тоқтауын талап еткен. Алайда ол ескертулерге назар аудармаған.

Оқиғадан кейін полиция құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.