Ақтауда суға секірген ер адам ажалдан аман қалды

Фото: Gemini ИИ

Ақтауда теңізге секірген ер адамның өміріне қауіп төнген сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Кадрлардан оның қатты толқын мен ағысқа тап болып, жағаға үлкен қиындықпен шыққанын көруге болады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, ер адам суға түсуге тыйым салынған аумақта суға секірген. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеуге шақырды.

Желіде тараған бейне көпшіліктің алаңдаушылығын тудырды.