Жыл басынан бері Астанада кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүруіне жол берген 5 324 ата-ана мен заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Polisia.kz мәліметінше, кезекті түнгі рейд кезінде полиция қызметкерлері тұрғын үй кешендерінің бірінің маңында ересектерсіз жүрген 12–16 жас аралығындағы жасөспірімдерді анықтаған. Кейін олар ата-аналарына тапсырылды.
Тәртіп сақшылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына тыйым салынатынын еске салды.
Астанада 5 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды
Фото: Gemini ИИ