Меркі ауданында 19 жастағы әйел өлі күйінде табылды

Фото: ЖИ

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы әйелдің өліміне қатысты жағдай тергеліп жатыр.

Мәлімет бойынша, Мадина Рашидқызы күйеуімен бірге тұрған. Ерлі-зайыптының сегіз айлық сәбиі болған. Марқұм Өзбекстан азаматы, ал күйеуі Қазақстан азаматы екені айтылады.

Қайғылы жағдайдың алдында Мадина құрбысына күйеуімен жанжалдасқанын және ажырасқысы келетінін айтқан. Сондай-ақ одан 15 мың теңге қарыз сұраған. Алайда құрбысы қажетті ақшаны тауып бере алмаған.

Келесі күні Мадинаның қайтыс болғаны туралы хабар келген. Оның денесі үйден табылған.

Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: Stan.kz