АҚШ университетінде атыс болып, 5 адам жараланды

Фото: ЖИ

АҚШ-тың Вирджиния мемлекеттік университеті кампусында атыс болып, бес адам жарақат алды. Олардың бірінің жағдайы ауыр.

Оқиғадан кейін полиция күдіктіні іздестіріп, 19 жастағы Кэмрон Харристі университет жатақханасындағы шкафтың ішінен ұстады.

Қазір атыстың себептері мен оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Дереккөз: Qazaqstan.tv