Қарағанды облысының аумағында табиғи өртті жою жұмыстары жалғасуда.
Өткен тәулікте Шет және Бұқар жырау аудандарында 2 табиғи өрт сөндірілді, тағы 4 өрт ошағы Қарқаралы ауданында оқшауланды.
Облыс аумағындағы өрттерді жою жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылықтарының және басқа да өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің шамамен 800 қызметкері мен 160 бірлік техникасы, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиаспас» тікұшағы жұмылдырылды.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Табиғи өртті толықтай жою жұмыстары жалғасуда. Жағдай ТЖМ бақылауында