Ақтөбе облысының Шалқар қаласында үйден шамамен 1 миллион теңгенің алтын және зергерлік бұйымдары ұрланған.
Ұры есікті бұзбаған. Үйдің кілтін кірпіш астынан тауып, ішке кіріп кеткен.
Полиция 39 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ұрланған алтындарды ломбардқа тапсырған.
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Дереккөз: Stan.kz
Ақтөбеде әйел кілтін кірпіш астына жасырып, алтындарынан айырылды
Фото: ЖИ