Астанада бала ашық тұрған терезеден құлап кете жаздады

Фото: Gemini ИИ

Астанада бала ашық тұрған терезеден құлап кете жаздады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Кішкентай бала терезе алдында тұрып, ойыншықтарын сыртқа лақтырған. Қауіпті жағдайды көшеде өтіп бара жатқан тұрғын байқап, дереу үйге көтеріліп, есікті қаққан.

Куәгердің айтуынша, сол сәтте пәтерде балалар ғана болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, ата-аналарымен сөйлесіп, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.