Қазақстандық қолөнерші Димаш Құдайбергеннің алып портретін тоқып шықты. Ерекше туынды авторына бұл идея 2024 жылдың 14 қыркүйегінде өткен әншінің концертінен кейін келген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Туынды туралы не белгілі?
Шебер Димаштың жүздеген фотосын қарап, көпшіліктің пікірін ескере отырып, ең лайықты суретті таңдаған және арнайы тоқу сызбасын әзірлеген.
Жұмысты бастауға ұзақ уақыт бата алмаған. Басты қорқынышы – әншінің келбетін, жанарындағы нұрды және мінезін жіп арқылы дәл жеткізе алмау еді.
Портреттің басым бөлігі шебердің Түркиядағы екі айлық демалысы кезінде тоқылған.