Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам көз жұмды

Фото: Gemini ИИ

Алматыда электросамокат тізгіндеген ер адам жол жиегіндегі жиектасқа соғылып, ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем мамандары оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам самокатпен жүргенде қорғаныш дулығасын және өзге де қауіпсіздік құралдарын пайдаланбаған.

Қазір полиция қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.