Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған қыз баланың салмағы 1778 грамм, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.
Нәресте шамамен жүктіліктің 36-аптасында дүниеге келген. Қазір жағдайы орташа ауыр, бірақ өздігінен тыныс алып жатыр. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетіп, тексеру жүргізуде.
Оқиғаға қатысты полиция баланы қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйелді анықтады. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, кінәсін мойындаған.
Нәресте дәрігерлердің бақылауында.
Қоқыстан табылған нәрестенің жағдайы белгілі болды
Фото: Gemini ИИ