Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылы үш бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржылық есептілігіне аудит жүргізді (Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ, сондай-ақ «Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мемлекеттік мекемелерінің бірыңғай үйлестіру орталығы» КММ). Аудиторлық іс-шаралар барысында активтердің, міндеттемелердің және таза активтердің (капиталдың) толық көрсетілуі, ақша қаражатының қозғалысын есепке алудың дұрыстығы, дебиторлық және кредиторлық берешектің дұрыстығы, сондай-ақ кірістер мен шығыстар шоттарының жабылуы және есепті кезеңде жүргізілген өзге де қаржы-шаруашылық операцияларының дұрыстығы тексерілді. Нақты уақыт режимінде жүргізілген аудитпен 73,3 млрд теңге көлеміндегі қаражат қамтылды, бұл облыстық бюджет балансының валютасының 8,7%-ын құрайды. Тексеру нәтижелері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін бұзудың жалпы сомасы 79,4 млн теңгені құрады. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 64,6 млн теңгені құрады, оның ішінде бюджетке өтелуге жататын қаражат — 62,1 млн теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататын сома — 2,4 млн теңге. Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар 14,8 млн теңгені құрады. Аудит барысында енгізілген түзетулер мен нақтылауларды ескере отырып, бюджет кірісіне 6,6 млн теңге өтелді, бухгалтерлік есеп бойынша 2,4 млн теңге қалпына келтірілді. Анықталған бұзушылықтарды талдау активтерді дұрыс сыныптамау және негізгі құралдарды негізсіз есептен шығару фактілерінің неғұрлым кең таралғанын көрсетті. Сонымен қатар бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану бойынша жекелеген фактілер, оның ішінде отын сатып алудың орнына қаражатты салық берешегін өтеуге бағыттау, сондай-ақ шарттар заңды күшіне енгенге дейін шығыстарды төлеу жағдайлары анықталды. Қаржылық есептілік аудиті деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге және бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Жұмыстың мұндай форматы есептілікті қалыптастыру кезеңінің өзінде бұрмалаушылықтарды уақтылы анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Превентивті тәсілді қолдану бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне анықталған кемшіліктерді жедел жоюға мүмкіндік берді, бұл бюджет заңнамасын бұзу тәуекелдерін төмендетуге ықпал етті. Аудит қорытындылары бойынша үш бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша оң аудиторлық есептер қабылданды. Сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды басқарудың тиімділігін және бухгалтерлік есепті жүргізу сапасын арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары
Сурет: ЖИ Gemini