The Week халықаралық басылымы Қазақстанның елордасы Астана туралы арнайы мақала жариялады. «Explore Astana, Kazakhstan’s futuristic capital» атты материалда елорда Орталық Азиядағы заманауи әрі қарқынды дамып келе жатқан қала ретінде таныстырылған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Авторлар Астананың көрікті орындарына, заманауи гастрономиялық мәдениетіне және серуендеуге қолайлы бағыттарына тоқталған. Сондай-ақ, қала маңындағы демалыс орындары да ұсынылған.
Басылым Астананың футуристік сәулеті ұлттық мәдениет пен дәстүрді заманауи үлгіде үйлестіретінін атап өткен.
Халықаралық басылым Астананы болашақтың қаласы деп атады
Фото: Gemini ИИ