Көкшетауда студент қыз көлігін қақпаның алдына қалдырып кеткен. Шамамен бір жарым сағаттан кейін көлігіне келгенде, оны 40 минут бойы күткен ер адаммен жанжалдасқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қыз көлікке отыра берген сәтте ер адам көлік есігін теуіп жіберген. Салдарынан есік студенттің басына тиіп, ол жарақат алған.
Полиция оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, қақпа алдында көлік шығатын жол екенін көрсететін арнайы белгі болған-болмағаны анықталуда.
Аталған факті бойынша ер адамға қатысты бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көкшетауда ер адам студент қыздың көлігін теуіп, басын жарақаттаған
Фото: Gemini ИИ