Астанада мас ер адам бөтен пәтерге кіріп, балалардың жанында ұйықтап қалған

Фото: Gemini ИИ

Астанада ер адам үйіне келгенде, балалардың жанында жалаңаш бейтаныс адамның ұйықтап жатқанын көрген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ZTB - QAZAQSTAN-ға сілтеме жасап.

Балаларын қорқытып алмауды мақсат еткен үй иесі мас ер адамды сабырмен оятып, сыртқа шығаруға тырысқан. Алайда, ол үй иесіне жұдырық ала жүгіріп, соққы жасаған. Салдарынан үй иесі өзін қорғауға мәжбүр болған.

Оқиға орнына көршілер полиция шақырған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мас ер адам пәтерлерді шатастырып, бөтен үйге кіріп кеткен. Кейін оның осы көпқабатты үйдің жоғарғы қабатында тұратыны анықталған.

Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.