Оксфорд студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келді

Фото: Gemini ИИ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Оксфорд университетінің студенттеріне арналған қазақ тілі бағдарламасы басталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Шетелдік жастар қазақ тілінде сөйлеуді меңгеріп, Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысады.

Бағдарлама аясында студенттер үшін Түркістаннан бөлек, Шымкент пен Тараз қалаларына да танымдық сапарлар ұйымдастырылмақ.