Өкінішке қарай, қуанышымыз ұзаққа созылмады…
Әйелдер арасындағы спорттық жүрістен қазақстандық Ясмина Тоқсанбаева бірінші болып мәреге жеткен еді. Алайда жарыстан соң оның нәтижесіне наразылық түсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
World Athletics өкілдері спортшының аяқ киімін тексеріп, оның халықаралық талаптарға сай келмейтінін анықтады.
Осыған байланысты Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі жойылып, алтын медаль Қытай спортшысына берілді.
Ресми: Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы алтыны есепке алынбады
Фото: Gemini ИИ