Жамбыл облысының Байзақ ауданында кәмелетке толмағандар арасында жанжал болған. Салдарынан 2011 жылы туған жасөспірім алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq_kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған. Жанжалға қатысы бар жасөспірім ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан 15 жастағы оқушы қаза тапты
Фото: Gemini ИИ