ДАРИҒА БАДЫҚОВА МЕН ОЛЖАС АБАЙ ШАҢЫРАҚ КӨТЕРДІ

Сурет: Дариға Бадықованың инстаграм парақшасынан

Белгілі актриса Дариға Бадықова мен әнші Олжас Абай бас қосып, шаңырақ көтерді. Жұлдызды жұп қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.

Дариға Бадықова жазбасында тағдырдың жазуына ешкімнің қарсы тұра алмайтынын айтып, көпшіліктен ақ тілектерін арнауды сұрады.

«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған.

Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз.

Тек бақыт тілеңіздер!

Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақ тілектерін жаудырып, жаңа өмірлеріне бақыт пен береке тілеуде.