Астанада Astana Media Week 2026 мерейтойлық медиа апталығы аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл қос байқау алғаш рет Qazaqstan Media Awards ортақ атауымен ұйымдастырылып, үздік деп танылған отандық медиа өкілдеріне марапаттар табысталды.
2026 жылғы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары:
«Тұмар – 2026» ұлттық телевизиялық сыйлығы
• Үздік тележүргізуші – Вероника Вишневская, «Еуразия» бірінші арнасы;
• Үздік деректі жоба – 24KZ, «4739»;
• Үздік телевизиялық материал – Qazaqstan, «Қарқынды құрылыс»;
• Үздік әлеуметтік жоба – Jibek Joly, «Правда в деталях»;
• Үздік телехикая – Астана TV, «Ауыл бапкері»;
• Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама – 7-арна, «Новости».
«Үркер – 2026» ұлттық сыйлығы
• Жылдың үздік журналисі – Жанар Сердалина;
• Үздік радиожоба – Қазақ радиосы, «Ойтұма» бағдарламасы;
• Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба – Altainews Media Centre, «AI-ЖАН»;
• Үздік медиажоба – Tengrinews, Tengri TV;
• Жылдың үздік материалы – Мирамгүл Рахатқызы, «Ақтөбе» газеті, «Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты»;
• Үздік талдамалық материал – Лаура Тусупбекова, «Казахстанская правда» газеті, «Моя ДНК – наше богатство».
Qazaqstan Media Awards – 2026 арнайы жүлделері
• Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені – 30 жыл;
• Информбюро – 30 жыл.