Полиция қызметкерлерінің есірткі, есірткі заттарын жасырып тарату, бопсалау және буллинг мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жастар үшін өте өзекті. Мұндай кездесулер студенттерге заңсыз әрекеттердің салдарын түсінуге және қауіпті жағдайлардан аулақ болуға мүмкіндік береді. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу тұрақты назарда болуы тиіс. Сонымен қатар суық қару, кастет және басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау мен пайдаланудың жауапкершілігі туралы түсіндірудің маңызы зор. Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде айқындайды. Конституцияны құрметтеу әр азаматтың өз құқықтарымен қатар міндеттерін де білуінен басталады. Жастардың құқықтық мәдениеті жоғары болған сайын қоғамдағы заңдылық пен тәртіп те нығая түседі. Сондықтан Конституция талаптарын түсіндіру мен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары өзара тығыз байланысты. Мұндай бастамалар жастарды жауапкершілікке, заңды құрметтеуге және қоғам қауіпсіздігіне үлес қосуға тәрбиелейді.
Айдана Таңатар