Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздікке шетелдік жалдамалылар тартылған. Полиция тұтқындаған бұзақылардың арасында көршілес Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің азаматтары да бар екен. Солардың бірі Қырғызстаннан келген. Оның айтуынша, оған "таныстары" хабарласып, Қазақстандағы митингке қатысуды ұсынған. Бұл "еңбегі" үшін 90 мың теңге көлемінде қаражат төлейтіндіктерін жеткізген.
"Олар маған 2-ші қаңтарда ұшаққа билет алып берді. Алматыға ұшып келдім. Пәтерге бардық. Онда Тәжікстан, Өзбекстан азаматтары болды. Барлығы 10 адамдай болды. Бірақ, мен олардың не деп жатқандарын түсінбедім. Митинг басталғанда қорқып кеттім. Сосын пәтерге қайта келіп, қондым. Келесі күні үйге оралуды ойладым. Алайда, мені әскерилер Самсы ауылында ұстап алды", - дейді күдікті.