BANNER

Қазақстанда 30 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 30 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанға 30 градус аяз келеді. Қазгидромет синоптиктері 10, 11, 12 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды saryarqanews.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, шығатын антициклон еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарына әсер етіп, -20 -25, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз болады. 

"12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран, суық ауа температурасын әкеледі, алайда 13 қаңтарда солтүстік-батыс антициклон тылға ауысады, ол қайтадан солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында 30 градусқа дейін аяз тудырады", - делінген хабарламада.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде циклон әсерінен жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп 2-10 жылыға дейін көтерілуі күтіледі.