Енді министрлердің, әкімдер мен депутаттардың айлығы 5 жыл бойы өспейді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлады Saryarqanews.kz тілшісі.
« Кейбір шығындарды ескеру керек. Әсіресе, Үкімет мүшелері мен депутаттар, әкімдердің жалақысына қатысты. Өткен жылы қоғамда бұл мәселе талқыланған. Сондықтан жоғарыда аталған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жеткілікті деп ойлаймын. Менің ойымша, Үкімет мүшелері, облыс әкімдері мен депутаттарың жалақысын өсіруге 5 жылға мораторий жариялау керек. Бұл Мәжіліс депутаттары үшін жағымсыз жаңалық екенін түсінемін. Мұны сіздер түсінетін шығарсыздар. Экономика өсіміне байланысты әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет қызметкерлерге жалақыны көтереміз - Тоқаев» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ, Президент биліктегі азаматтардың қарапайым тұрғындардың тұрмысы туралы тым таяз ойлайтынын айта келіп, халықтың кірісі елдегі экономикалық ахуалға сай өсіп отыруы керегін айтты.