BANNER

Қазақстанның болашағы зор жастарын «Жас Өркен» бағдарламасына қатысуға шақырады

Қазақстанның болашағы зор жастарын «Жас Өркен» бағдарламасына қатысуға шақырады

Қазақстанда 2022 жылға арналған «Жас Өркен» бағдарламасына қатысушыларды қабылдау жүріп жатыр. Өтінімдерді 2019 жылдан 2021 жылға дейін бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарын бітірген ҚР азаматтары, сондай-ақ 2022 жылғы 1 тамызға дейін диплом алуға тура келетін студенттер бере алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 28 ақпанға дейін www.zhasorken.skcu.kz конкурстың ресми сайтында онлайн-тіркеу арқылы қабылданады.

                           a

«Жас Өркен» – талантты жастарды іріктеу, тарту және дамыту бағдарламасы. Жобаға қатысушылар болашақта қор тобының компанияларында топ-менеджерлер және басшылар болады. Жас мамандар 2 жыл ішінде Қазақстанның жетекші компанияларында қарқынды оқудан және 5 айдан төрт ротациядан өтуі, hard- және soft-дағдыларын дамытуы, «Самұрық-Қазына» тобының үздік тәлімгерлерінің басшылығымен кәсіби тәжірибе жинақтауы және нәтижесінде ұлттық компанияларда жұмысқа орналасуы тиіс.

2022 жылы қатысушыларды қабылдау төрт бағыт бойынша жүргізіледі:

- телекоммуникация саласында, мұнай-газ саласында, жылу және электр энергетикасында, темір жол көлігі, авиатасымалдау, атом өнеркәсібі, тау-кен өндіру саласы, металлургия, химия өндірісі және мұнай химиясы саласында инженерлік мамандықтар;

- ESG: тұрақты даму бойынша, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, тәуекелдерді басқару, персоналды басқару саласындағы мамандар;

- IT-мамандар: деректерді талдаушылар, бизнес-талдаушылар, әзірлеушілер;

- қаржылық және инвестициялық талдаушылар.

2021 жылы ротациядан өту кезінде «Жас Өркен» жас мамандары компаниялар тобындағы ең өзекті жобаларды іске асыруға қатысты. Мысалы, бұл телекоммуникациялық индустрия мен өндірістегі big data, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ABAI ақпараттық жүйесі сияқты жобалар, өндірістік кәсіпорындарда, логистика мен авиацияда, COVID-19 бойынша деректерді өңдеу және визуалдау саласындағы оңтайландыру жөніндегі жобалар.

«Самұрық Қазына» корпоративтік университеті «Жас Өркен» бағдарламасының операторы болып табылады.