BANNER

Демалыс күндері елімізде жауын-шашын болады

-

Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды saryarqanews.kz тілшісі.

Демалыс күндері солтүстік-батыс циклонына байланысты жауын-шашын болады.

"Циклон ел аумағына одан ары әсер ете береді. Ол батыстан шығысқа қарай өтеді, сондықтан республиканың барлық өңірінде жауын-шашын жауады. Ауа температурасы көтеріліп, екпінді жел соғады. Ал еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады", - делінген хабарламада.