Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар Жоғарғы сотқа шағым түсірді. Сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов өздеріне шығарылған үкіммен келіспей, Жоғарғы сотқа кассациялық шағым жолдады. Бұл туралы Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады. Екеуі де өздерін толық ақтауды талап етіп отыр.
Еске салсақ:
Азамат Тоқтаубаев 15 жылға сотталған;
Дидар Қалиахметов 7 жылға бас бостандығынан айырылған.