Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында 2022-2024 жылдарға арналған қамтамасыз ету жоспарының жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленді. Жоспар республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың барлық негізгі бағыттарын қамтиды.
Ұлттық қауіпсіздік және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңдарда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үш өлшемшарт айқындалған», - деді ведомство басшысы.
Олар:
Бірінші өлшемшарт – бұл азық-түлік нарығындағы қол жетімділік деңгейін сипаттайтын азық-түлікке физикалық қол жетімділік.
Екінші өлшемшарт – халықтың азық-түлік сатып алу мүмкіндігін сипаттайтын азық-түліктің экономикалық қолжетімділігі.
Үшінші өлшемшарт – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі.
«Тұтастай алғанда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету салааралық сипатқа ие және барлық мүдделі тараптардың үйлестірілген іс-қимылын талап етед», -деді министр.