BANNER

Доллар қатарынан үшінші күн қымбаттады

Сурет: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 541,93 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,64 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,70 теңгеден сатып алынады, 543,52 теңгеден сатылады. Еуро 632,11 — 639,15 теңге, ал рубль 6,73 — 6,85 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 537,53 теңгеден сатып алынады, 544,53 теңгеден сатылады;

— еуро: сатып алу — 629,58 теңгеден сатып алуға, сату — 639,57 теңге;

— рубль: сатып алу — 6,77 теңге, сату — 6,92 теңге.

Еске салайық, 23 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 538,64 теңге болды.