Биыл елімізде 23,1 млн. гектар аумаққа егін егіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 125 мың гектарға артық, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, биыл өндірісті әртараптандыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Сәйкесінше, біртекті дәнді дақылдарды егу көлемі азайып, орнынан сұранысқа ие басқа да өнімдерді отырғызу жұмыстары жанданады. Мәселен, бидай алаңы 368,1 мың гектарға азайса, жем-жөп дақылдарының алқабы ұлғайып, 3,6 миллин гектарға жеткен. Сондай-ақ, көкөніс дақылдарын егу көлемі біршама ұлғайып, бақша дақылдарын отырғызу 2 мың гектарға азайған.
"Еске сала кетсем, Үкіметтің мақта мен күріш сияқты суды көп қажет ететін дақылдардың алқаптарын азайту туралы тапсырмасы бар. Алайда Түркістан облысында мақта алқаптары 5 мың гектарға өсімі байқалады. Оның негізгі себебі 2021 жылғы сатып алу бағасының 2020 жылға қарағанда 220 мың теңгеге артық болуы (тоннасына 350 мың теңге). Күріш бойынша алқап көлемі 6,5 мың гектарға азайып, 89,9 мың гектар егілетін болады. Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдігі алдағы кезеңде оңтүстік өңірлерді су ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі Экология министрлігінің болжамын ескере отырып, тиісті жұмыс жүргізуі қажет. Майлы дақылдар бойынша алқаптар 61,7 мың гектарға азаяды деп болжануда. Сонымен қатар бұл зығыр, мақсары және қыша сияқты дақылдар, күнбағыс алқаптары ұлғайтылды. Қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызды мәдениеттің жоспарланған көрсеткіштері төмендейді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның қызылша қант саласын дамыту жөніндегі жол картасы Үкіметтің бақылауында», - деді Айдарбек Сапаров.
Нұрлыхан Қалқаманұлы