BANNER

Депозиттердегі теңгелік салымдар қорғала ма?

Фото жүктелмеген

Доллар бағасының өсуі мен ел арасында желдей ескен түрлі қауесет сөз артық ақшасын есепшотта сақтап келген қазақстандықтарды әбігерге салып қойды. Әйтсе де, ел Үкіметі халықты үрейленбеуге және, тек, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырып отыр, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

Егер, доллар бағасы қымбаттай берсе, халықтың депозиттерде сақтап отырған теңгелік салымдарының ахуалы не болады? Олар қорғала ма? Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірлеген. Яғни, қазіргі таңда елдегі екінші деңгейлі банктерде  шамамен 15,3 трлн теңге немесе активтердің 40% құрайтын өтімділігі жоғары активтердің біршама қоры бар.  

Заңда белгіленген шекте жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. 

Бұдан басқа, бағаның өсуін тежеу мақсатында Үкімет Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда.