BANNER

Украина мен Ресей қақтығысы салдарынан қазақстандық мұнай экспорты төмендеуі мүмкін бе?

Фото жүктелмеген

Ресей Федерациясы әскерилерінің Укарина жеріне басып кіруіне байланысты әлемнің көптеген елдері қатаң экономикалық шаралар қабылдады. Ресейге салынған сакциялар Қазақстанға қалай әсер етеді? Егер батыс елдері Ресей мұнайынан бас тартса, бұл қазақстандық мұнайдың экспортының азаюына алып келмей ме? Бұл сұрақтарға Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді деп хабарлайды saryarqanews.kz тілшісі. 

Министрдің мәлімдеуінше, қазіргі таңда мұнай экспортының азайына қатысты болжамдар жоқ. Әйтсе де, көрші елдердегі жағдайларға байланысты мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Ал, ол Қазақстан экономикасы үшін оң әсер етеді.

- Егер біз өзіміздің мұнайды сату арқылы көбірек ақша табу мүмкіндігін иеленсек, оның несі жаман?, - дейді министр.

Сондай-ақ, ол қазақстандық мұнайды тасымалдау мәселесіне қатысты да пікір білдіріп өтті. 

- Экспорт маршрутына қатысты түрлі нұсқалар қарастырылуда. Бізде Қытайға және Еуропаға тасымалдайтын жүйе қалыптасқан. Қазір ол жолдарға қатысты қандай да бір санкция салынған жоқ. Сәйкесінше, мұнайдың белгілі бір бөлігін сол арқылы тасымалдай аламыз. Сондай-ақ, бізде Ақтау порты, Балтық мұнай құбыры жүйесі бар. Әйтсе де, біз ол жолдарды әзірге қарастырып жатқан жоқпыз. Әзірге келісім бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Болат Ақшолақов.